ДДСҰ: АҚШ-та құс тұмауынан аса қауіп жоқ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Америкада құс тұмауынан болған алғашқы өлім дерегіне түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Ұйым өкілдері елде жаппай ауру тарау қаупі өте төмен деп отыр. Естеріңізде болса, 65 жастағы америкалық азамат желтоқсан айында Луизианадағы ауруханаға ауыр халде жеткізілген еді. 

Оның денсаулығында кінәрат болған көрінеді. Зерттеулерге сәйкес, науқас вирусты құс еті немесе жабайы құстармен байланыс кезінде жұқтырған болуы мүмкін. АҚШ мамандарының айтуынша, 2024 жылдың сәуірінен бері ел бойынша 70-ке жуық адам құс тұмауын жұқтырған. Олардың дені ферма қызметкерлері екен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы