ДДСҰ әлемдік қауымдастықтан қомақты қаражат сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемдік қауымдастықтан коронавирустың қауіпті түрлері, атап айтқанда, дельта штамының таралуына қарсы күреске 7,7 млрд доллар сұрады, деп хабарлады mockva.ru. 

Ұйым басшысы Тедрос Аданом Гебрейесустың айтуынша, қазір бұл қаражатты таппаса және дельта штамының ең осал елдерде таралуын тоқтатпаса, әлемдік қауымдастық бәрібір келесі жылы ақша бөлуге мәжбүр болады.

Соманың бір бөлігі - 2,4 млрд доллар - халқының табысы төмен және орташа елдерде тестілеуді жақсартуға жұмсалмақ. Медицина қызметкерлерін қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үшін 1,7 млрд қажет, коронавирустың ауыр түрлерін емдеу үшін ауруханаларды оттегімен қамтамасыз етуге тағы 1,2 млрд жұмсалады.

ДДСҰ басшысы әлем пандемияның өткір кезеңінде екенін атап өтті. Жаңа штамдардан қауіп те бар. Қазіргі уақытта әлемде «альфа», «бета», «гамма» және «дельта» штамдары басым,  бірақ басқа да қауіпті мутациялардың пайда болуы мүмкін. Ұйымның болжамы бойынша, вирустың таралу қарқыны қазіргідей болса, 2022 жылдың қаңтарында SARS-CoV-2 жұқтырғандардың саны 300 миллионнан асуы мүмкін.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы