ДДСҰ: Әлемде Тырысқақ ауруы жылдам тарап жатыр

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) жариялаған есепке сәйкес, індеттердің көбеюіне байланысты тырысқақ ауруының жаһандық деңгейде таралу қаупі өте жоғары, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Індеттердің жайылуының географиялық аясы кеңеюіне, сондай-ақ вакциналар мен басқа да ресурстардың жетіспеушілігіне сүйене отырып, ДДСҰ жаһандық деңгейде қауіпті өте жоғары деп бағалайды, — делінген құжатта.

Соңғы індет туралы хабар 11 ақпанда жарияланғаннан бері жаһандық жағдай одан әрі нашарлап, төрт жаңа елде аурудың өршіді.

Қазір барлығы 24 ел ауру туралы хабарлады, — делінген РИА Новости агенттігінің ақпаратында.

Ұйым жариялаған деректер тырысқақ індетінен зардап шеккен елдердің басым көпшілігі Африка мен Таяу Шығыста екенін көрсетеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gagauzinfo.md
Өзгелердің жаңалығы