ДДСҰ: Әлемде COVID-19 жұқтырғандар қайта көбейіп барады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, 13-30 шілде аралығында әлемде миллионнан астам адам коронавирус инфекциясына жұқтырған, , деп хабарлайды BAQ.KZ

Сондай-ақ дәл осы індеттен 3 мыңнан аса адам қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараттық үн парақшасында инфекцияны жұқтырушылар саны алдыңғы 28 күнмен салыстырғанда 7%-ға өсіп, өлім-жітім саны 53%-ға азайғаны көрсетілген.

COVID-19 әлі де күшінде екені нақтыланады, соған байланысты аталған ұйым мемлекеттерді ауруға қарсы құрған инфрақұрылымдарды әлі сақтауға шақырады.

Әлемде төрт апта ішінде 1 008 194 инфекция жұқтыру және 3 132 кісі өлімі тіркелді. Төтенше жағдай режимінің аяқталуына қарамастан, COVID-19 әлі де үлкен қауіп ретінде саналады. Қадағалау, есеп беру, коронавирус дертінің алдын алу, ерте клиникалық көмек көрсету, жоғары қауіпті топтарға жататындарға қайта вакциналау жүргізу өте маңызды, - деді ДДСҰ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы доктор Тедрос Адхан Гебрейесус 2023 жылдың 5 мамырында COVID-19 пандемиясының аяқталғанын жариялады.

ДДСҰ COVID-19 пандемиясын 2020 жылдың 11 наурызында жариялады. Ол 3 жыл 1 ай және 24 күнге созылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы