ДДСҰ әлем халқын бетперде тағу режиміне оралуға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус әлемдегі барлық елдің үкіметтерін бетперде тағу режимін қайтаруға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарламасында COVID-19 қазір еркін тарап жатқаны және бүкіл әлемде өлім-жітімнің көбейе бастағаны айтылған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус әлем тұрғындарын анти-ковидтік шараларға оралуға шақырды.
Оның айтуынша, коронавирустың Omicron штамының түрлері бүкіл әлемдегі жағдайлардың артуына, сәйкесінше тағы бір жаңа толқынның пайда болу ықтималдылығына түрткі болуда. Мұндайда ауруханалардың науқастарға толу, өлім-жітімнің көбею ықтималдылығы өте жоғары.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елорданың 33 жастағы тұрғыны алаяқтық үшін ұсталды
Өзгелердің жаңалығы