ДДСҰ әлем елдерінің иммундау статистикасын жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДДСҰ әлем халқын иммундау статистикасын жариялады. Бұл туралы ВАК хабарлады.

Барлық ел бойынша коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардың 5,5 миллиардқа жуық дозасы қолданылды, - деді ұйым басшысы Тедрос Адан Гебрейюс.

Сонымен қатар, екпелердің 80% - ы табыс деңгейі жоғары және орташа елдерде жасалғанын атап өтті. Гебрейесустың айтуынша, кедей мемлекеттер қыркүйек айының соңына дейін вакцинацияланған азаматтардың 10% - ына қол жеткізе алмайды. Ол дамыған мемлекеттер қалған елдерге 1 миллиард доза вакцина беруге уәде бергенін еске салды, дегенмен әзірге жоспарланған көьемнің 15% - дан азы берілді.

Жапония ресми түрде ел толығымен вакцинацияланған туристер үшін карантинді жеңілдетуге ниетті деген мәлімдеме жасады.

Билік вакцинация паспорты бар Жапонияға кіретін шетелдіктерге эпидемиологиялық адалдық танытады. Атап айтқанда, карантин 14 күннен 10 күнге дейін қысқарады. Әзірге Pfizer, Moderna және AstraZeneca вакцинация сертификаттары туралы айтылуда.

Дегенмен де олар АҚШ, Еуропалық Одақ аумағында немесе тікелей Жапонияда шығарылуы керек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы