ДДСҰ: 2024 жылы холерадан 6 мыңнан астам адам қаза тапты
2024 жылы холерадан қайтыс болғандар саны 2023 жылмен салыстырғанда шамамен 50%-ға көбейіп, 6 мыңнан асты. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұйымның дерегінше, науқастар саны да өсіп отыр. Айта кетерлігі, өткен жылмен салыстырғанда ауру тіркелу көрсеткіші 5%-ға көп.
2024 жылы холерадан 6 мыңнан астам адам көз жұмды. Бұл аурудың алдын алуға да, тиімді емдеуге де болады, – деп атап өтті ДДСҰ.
Статистикаға сәйкес, індеттің өршуі 60 елде тіркелген. Ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 45 мемлекетпен шектелген еді. Аурудың 98%-ы Африка, Таяу Шығыс және Азия елдеріне тиесілі.
ДДСҰ өкілдері мұндай жағдай өлім-жітімнің және аурудың кең таралуының алдын алу үшін профилактикалық шараларды күшейту және медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру қажеттігін көрсетіп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Камчаткада тағы да жер сілкінді: цунами қаупі бар
Келесі жаңалық
Бала асырап алушыларға қойылатын талаптар күшейтілді
Өзгелердің жаңалығы