ДДСҰ: Ұжымдық иммунитет туралы айтуға әлі ерте
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 тарала бастаған жарты жылда қауіпті індет әлем халқының тек 10 пайызын шарпыған. Бұл көрсеткіш ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына жеткіліксіз.
Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа аурулар және зооноз бөлімінің басшысы Мария Ван Керхе мәлімдеді деп жазды Корреспондент.net.
Оның айтуынша, түрлі зерттеулер мен сараптамаларға сүйенсек, әлемдегі халықтың тек 10 пайызында коронавирусқа қарсы антидене қалыптасқан. Ұжымдық иммунитет қалыптасу үшін бұл көрсеткіш кемінде 60-70 пайыз болуы қажет. Демек, вакцинация тақырыбы әлі де өзекті.
Сондай-ақ, ДДСҰ өкілі медицина қызметкерлерінің вирусты жұқтыру фактілері әлі де жоғары екенін атап өтті. Жастар арасында да дертке шалдыққандар көрсеткіші үш есе өскен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дағдарыс жас ұрпақтың келешектегі табысына қауіп төндіреді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы