ДДСҰ коронавирустың екінші шарықтау шегі болуы мүмкін екенін ескертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұндай жағдай 1919 жылы испан тұмауы пандемиясы кезінде болған.

Әлем COVID-19 коронавирус пандемиясының бірінші толқынының ортасында тұр. Бұл туралы Женевада өткен брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының жетекшісі Майк Райан мәлім етті, деп жазады korrespondent.net.

Дәл қазір біз екінші толқынды бастан өткеріп жатқан жоқпыз, біз бірінші толқынның ортасында тұрмыз. Бұған Орталық және Оңтүстік Америка, Оңтүстік Азия мен Африкадағы эпидемиологиялық жағдай әсер етіп отыр, - деп атап өтті Райан.

Оның айтуынша, COVID-19 жаһандық ауқым бойынша кенеттен аурудың жаңа кезеңі басталып кетуі мүмкін. Ал, жаңадан тіркелген вирус жұқтыру жағдайлары деңгейінің қысқаруы бұл үрдіс үнемі жалғасатынын білдірмейді.

Коронавирустың қазіргі толқынында екінші шарықтау шегі болуы мүмкін. Мұндай жағдай 1919 жылы испан тұмауы пандемиясы кезінде болған, – деді Райан.

Оның айтуынша, билік коронавирусқа тестілеу жүргізу, вирустың жұғу жолдарын қадағалау, аурудың екінші шегіне жол бермеу мақсатында денсаулық сақтау саласындағы өзге де шараларды жүзеге асыру жұмыстарын әрі қарай жалғастыра беруі керек. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда әлемде 5,5 млн-нан астам адам коронавирус жұқтырған, оның 2,3 млн-нан астамы емделіп, 346 мың адам қайтыс болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы