ДДСҰ COVID-ке қарсы жаппай вакцинацияға қатысты болжам жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация 2021 жылдың ортасында басталуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) басшысының орынбасары Сумия Сваминатан мәлімдеді, деп хабарлайды Deutsche Welle.
Ұйым өкілі "қазіргі таңда 20-дан астам кандидат-вакцина клиникалық сынақтардан өтіп жатқанын" айтты.
Олардың кейбірі іске асады деген үміт бар. Бірақ, нәтижелер келесі жылдың басында алынуы мүмкін, - деді ұйым өкілдері.
Сонымен қатар, оның айтуынша, вирусқа қарсы тұратын антиденелер біраз уақыттан кейін жоғалып кетуі мүмкін және бұл иммунитеттің төмендігін білдірмейді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ДДСҰ COVID-ке қарсы күресте көптеген елдер дұрыс жолды таңдамағанын мәлімдеген еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
16 күнде коронавирус инфекциясынан 210 адам көз жұмды
Өзгелердің жаңалығы