ДДСҰ COVID-19 жұғатын "негізгі нүктелерді" атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирус инфекциясын жұқтырып алмас үшін қандай орындардан аулақ болу керектігін айтты.
ДДСҰ коронавирустық инфекциядан қорғану үшін түнгі клубтар мен дискотекаларға бармауды ұсынады. Бұл туралы ДДСҰ Төтенше аурулар бөлімшесі техникалық тобының басшысы Мария Ван Керкхов айтты деп жазады korrespondent.net.
Біз соңғы күндері және соңғы апталардағыдай бұрын-соңды ешқашан түнгі клубтар туралы көп сөз қозғаған емеспіз. Бірақ қазір дәл осы нысандар вирус жұқтырудың негізгі ошағы болып отыр, - деп атап өтті Ван Керкхов.
Ол барлық түнгі мезгілде жұмыс істейтін мекемелерді жабудың қажеті жоқ, нақты орындарда аурудың ең көп тараған ошақтарын анықтап, оларға баруды шектеу немесе уақытша жабу қажет екенін айтты.
Сондай-ақ Ван Керкхов адамдардың көп жиналатын орындарының қауіпсіздігі мәселесінде жауапкершілік келушілердің өзінде болуы керегін ескертті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жеңіс Қасымбек Сәтбаевқа кетті
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы