ДДСҰ Қазақстанға алғыс білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аймақ елдеріне гуманитарлық көмек көрсеткені үшін елімізге алғыс білдірді
ДДСҰ-ның денсаулық сақтау саласындағы ТЖ жөніндегі бағдарламасының атқарушы директоры Майкл Райан Орталық Азия өңірінде көрсетіліп жатқан гуманитарлық көмек үшін Қазақстанға алғыс айтты.
Мен қалыпты әлеуметтік-экономикалық өмірге қайта оралу мақсатында қазіргі жағдайды бақылау үшін инновациялық стратегияларды келісу бойынша өңірлік үйлестіру, карантиннен шығу жолдарын пысықтау аса маңызды екеніне сенімдімін, – деді Майкл Райан Женевадағы ДДСҰ штаб-пәтерінде өткен брифингте.Бүгін Швейцария астанасында COVID-19-дың таратылуына байланысты ахуалды бағалау және пандемияның кесірінен орын алған дағдарыстан шығу және оны еңсеру бойынша жаңа ұсыныстар әзірлеу жөнінде ДДСҰ төтенше комитетінің кезекті отырысы өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарлық жемқорлықпен күрес қызметі індетпен күреске бөлінген қаржыны 80 млн теңгеге үнемдеді
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы