ДДСҰ: Әлем COVID-19 вакцинасының бірнеше түріне мұқтаж

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДДСҰ әлемге аурумен тиімді күресу үшін коронавирусқа қарсы вакцинаның бірнеше нұсқасы қажет екенін хабарлады, деп жазды korrespondent.net.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Адханом Гербейесус әлемге инфекциямен тиімді күресу үшін коронавирусқа қарсы вакцинаның бірнеше нұсқасы қажет екенін айтты. 

Бізге мәселенің шешімін табу мүмкіндігін барынша арттыру үшін бірнеше кандидат қажет (вакцина - Ред.), - деді ол Женевада өткен брифингте.

Сонымен қатар, ДДСҰ басшысы әлемде тиімділігі дәлелденген вакцина пайда болған кезде күрделі мәселе туындайтынын атап өтті, яғни препаратқа деген сұраныс ұсыныстан едәуір асып түседі.

Жақында Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина жасалып шыққаны хабарланды, оны еріктілер сынап та көрді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы