ДДСҰ АҚШ-тың ұйымнан шығу мерзімін жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы АҚШ-тың 2021 жылғы 6 шілдеден бастап ұйым құрамынан шығатынын айтып, бұл жаңалықты БҰҰ-ға ресми түрде ескертті, деп хабарлады Reuters агенттігі.

Біз АҚШ-тың БҰҰ бас хатшысына 2021 жылғы 6 шілдеден бастап ДДСҰ құрамынан шығу туралы  ресми өтініш жібергені туралы хабарлама алдық, - делінген ДДСҰ өкілінің мәлімдемесінде.

Өкіл бұл мәселе бойынша қосымша ақпарат жоқ екенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 7 шілдеде АҚШ БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришке ДДСҰ-дан бір жылдан кейін шығатынын хабарлаған еді. 29 мамырда АҚШ Президенті Дональд Трамп Вашингтон ДДСҰ-мен байланысын тоқтататынын мәлімдеген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы