DAZN Головкин – "Канело" алғашқы жекпе-жегінің нәтижесін қайта қарап шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. DAZN News қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы бірінші жекпе-жектің нәтижесін қайта қарап шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

2017 жылдың қазан айында өткен жекпе-жекте төрешілер тең нәтиже тіркеген болатын. Дейв Моретти 115-113 есебімен жеңісті Головкинге берсе, екінші төреші Дон Трелла 114-114 есебімен боксшылар тең түсті деп шешті. Ал жекпе-жектен соң сынның астында қалған Аделаида Берд 118-110 есебімен жеңіске Сауль Альварес ие болды деп жазған.

Араға екі жылдан астам уақыт салып DAZN жанкүйерлер мен сарапшылардың сынына ұшараған жекпе-жектің нәтижесін қайта қарап шықты. Бұл жолы жаңа төрешілер – Андреас Хейл, Марк Лелинвалла және Стивен Мюльхаузен тағайындалды. 

Нәтижесінде үш төреші де Геннадий Головкин қарсыласы Сауль Альврестен басым болғанын айтып, жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы