«Дайындық төмен»: Тоқаев Алакөлдегі ахуал үшін Үкіметті сынады

Мемлекет басшысы халықтан келіп түскен көптеген шағымға байланысты Алакөл маңындағы әйгілі туристік аймақтың демалушыларды қарсы алуға дайындығы төмен екеніне Үкіметтің назарын аударды. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, қажетті туристік инфрақұрылым, қызмет көрсету мен қауіпсіздік лайықты деңгейде қамтамасыз етілмеген.

Үкіметке қысқа мерзім ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіріп, олқылық жіберген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Бұған дейін BAQ.KZ шипалы көлге келушілер саны артуы үшін әлі де инфрақұрылымды жақсартып, туристерге арналған арнайы автобус жайында жазған еді.

Осы орайда Жетісу облысы әкімдігі Алакөл туристерді қарсы алуға дайын екенін хабарлаған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы