Мәжіліс жұмылдыру дайындығы мен мәселелері туралы заң жобасын мақұлдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің депутаттары ҚР заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлданды.

Заң жобасын таныстырған Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 3 Кодекске: Бюджет кодексі, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы», «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы», 4 Заңға: «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы», «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы», «Азаматтық қорғау туралы» заңға түзетулер енгізу көзделгенін айтты.

Заң жобасында жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға осы саладағы мемлекеттік бақылау құзыретін беру ұсынылған. Бақылау Қарулы күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қоспағанда, орталық атқарушы мемлекеттік органдарға, ҚР заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға қатысты қолданылады. 

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабы бойынша Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқығы бар лауазымды адамдар тізбесі жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен толықтырылады. Бұл мемлекеттік органдарға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында жауапкершілік белгілеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың жұмылдыру дайындығы саласындағы құзыреттерінің аражігі ажыратылып отыр. Осылайша, мемлекеттік органдардың функциялары нақтыланатын болады», - деді министр.

Дәленов жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға сақтандыру қорын құру және сақтау саласындағы қызметті үйлестіру құзыреті беріледі. Бұл – қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнімге техникалық құжаттаманың, сондай-ақ қауіптілігі жоғары объектілерге, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне және ұлттық игілік болып табылатын объектілерге жобалық құжаттаманың сақтандыру қоры.

«Мемлекеттік материалдық резервті уақтылы жаңартуды қамтамасыз ету үшін жаңа тәсілдер енгізіледі. Бұл – сақтау пункттерінің материалдық құндылықтарды жаңартуын енгізу және материалдық құндылықтарды өтеусіз негізде басқа мемлекеттік органдардың балансына беру. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде қызмет ететін бірыңғай дистрибьютордың жұмылдыру резервінің медициналық мақсаттағы дәрілік заттары мен бұйымдарын жеткізу, сақтау және жаңарту функцияларын орындау. Заң жобасы мемлекеттік жұмылдыру дайындығы мен мемлекеттік материалдық резерв жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталды», - деді Дәленов Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы