Дайрабаев осы аптада 4 өңірдің сайлаушыларымен кездеседі
Қазақстан президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың республикалық қоғамдық штабының жетекшісі Төлеутай Рахымбеков «Атамекен бизнес» телеарнасына сұхбат берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төлеутай Рахымбековтің атап өтуінше, кандидаттың үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жигули Дайрабаев осы уақытқа дейін Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының және Шымкент қаласының сайлаушыларымен кездесті. Осы аптаның соңына дейін Павлодар, Жетісу, Алматы облыстарының және Алматы қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Мұнан бөлек, кандидаттың сенімді өкілдерінің қатысуымен еліміздің барлық өңірінде белсенді жұмыс жолға қойылған.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.Төлеутай Рахымбековтің атап өтуінше, кандидаттың үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жигули Дайрабаев осы уақытқа дейін Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының және Шымкент қаласының сайлаушыларымен кездесті. Осы аптаның соңына дейін Павлодар, Жетісу, Алматы облыстарының және Алматы қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Мұнан бөлек, кандидаттың сенімді өкілдерінің қатысуымен еліміздің барлық өңірінде белсенді жұмыс жолға қойылған.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.