Даяна Федосова Азия Пара ойындарында дзюдодан қола жүлдегер атанды

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір қола медаль түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

57 кг салмақта өнер көрсеткен қазақстандық Даяна Федосова (J2 санаты) Азия Пара ойындарында дзюдодан қола жүлдегер атанды.

Медаль үшін күресте ол Үндістаннан келген спортшыны жеңді.

Айта кетейік, бүгін қазақстандық пара спортшылар алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Өзгелердің жаңалығы