12 Ақпан 2023 2023, 19:56
Фото: Жеңіл атлетика федерациясы
Давид Ефремов Азия чемпионы атанды
Отандасымыз Давид Ефремов 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруде жабық кешендегі Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Отандасымыз Давид Ефремов 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруде жабық кешендегі Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның уақыт көрсеткіші: 7.65 секунд.
Екінші орынды Чем Куе Ру алса (7.68), үшінші орын жапониялық Шукей Ишикава (7.70) иеленді.
Қазір Ұлттық құрама қоржынында 6 алтын, 3 күміс пен 3 қола медаль бар.