Давид Дегтярев сияқты екі дүркін чемпион болғым келеді – Ақмарал Науатбек

Париж Паралимпиадасының жеңімпазы Ақмарал Науатбек елордаға оралды. Чемпион қазақстандықтарға алғысын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Паралимпиадада Қазақстан тарихында пара дзюдодан алғашқы чемпион, алтын медаль иегері Ақмарал Науатбек қазақстандықтарға алғысын айтты.

Құрметті жиналған қауым! Қазақ елі! Бізге құрмет көрсетіп, уақыт бөліп келгендеріңізге алғыс айтамын. Бұл жеңісті Қазақ еліне арнаймын. Жеңіс барлығымызға ортақ. Бұл үлкен жұмыс пен еңбектің арқасы. Бапкерлерімізге, дәрігерлерге алғыс айтқым келеді. Біздің құрама бір отбасындай Олимпиадаға барып, үлкен жеңіске жетті, - деді Ақмарал Науатбек.

Паралимпиада чемпионы алдағы жоспарын айтты.

Енді қазір демалып, денсаулығымды күтемін. Давид Дегтярев осы жолы Паралимпиаданың екі дүркін чемпионы атанды. Мен де солай Паралимпиаданың екі дүркін чемпионы болғым келеді. Алдағы мақсатым енді осы болады, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы