Дауыс зорайтқышы бар арнайы көлік Алматы көшелерін аралап жүр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы полициясы қала ішінде дауыс зорайтқыш құрылғылармен жабдықталған арнайы көлікті іске қосты, деп хабарлады polisia.kz.
Бұл шара тұрғындар арасында дауыс зорайтқыш құрылғы арқылы түсіндірме-хабарлама тарату мақсатында енгізілгені айтылды.
Сонымен қатар, дыбыс күшейткіштер ірі жол кедергілерінде жұмыс істейді. Олардың көмегімен азаматтарға сақтық шаралары туралы, жеке қауіпсіздік ережелері және санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуын хабардар етіледі. Бұдан бөлек, блокпосттарда жүк тасымалы арқылы өту үшін қажетті құжаттар тізімін, төтенше жағдай ережелерін бұзу және билік органдарына бағынбағаны үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертулер жасау мақсатында да қолданылады, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Карантиннен қашқан азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
Өзгелердің жаңалығы