Дауыс берушілер саны сағат сайын артуда
Орталық сайлау комиссиясының кезекті брифингінде 16.00-дегі дауыс беру көрсеткіші айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне дауыс беруде барлық өңірдегі қазақстандықтар белсенді ат салысуда. Оған сағат сайын өсіп жатқан сандар көрсеткіші дәлел.
Соңғы дауыс беру көрсеткіші бойынша оңтүстіктегі сайлаушылар әлі де алдыңғы қатарда. Ал, Алматы қаласы бойынша белсенділік әлі де төмен болып отыр. Ол туралы орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова мәлімдеді.
Абай облысы бойынша – 73,57 %, Ақмола облысы бойынша – 71,38 %, Ақтөбе облысы бойынша – 68,81 %, Алматы облысы бойынша – 55,11 %, Атырау облысы бойынша – 60,87 %, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 54,62 %, Жамбыл облысы бойынша - 68,74 %, Жетісу облысы бойынша – 68,88 %, Қарағанды облысы бойынша – 71,89%, Қостанай облысы бойынша – 71,38 %, Қызылорда облысы бойынша – 72,88 %, Маңғыстау облысы бойынша – 59,61 %,Павлодар облысы бойынша – 72,73 %, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 72,21%, Түркістан облысы бойынша – 80,09 %, Ұлытау облысы бойынша – 72,75 %, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 68,42 %, Астана қаласы бойынша – 44,39 %, Алматы қаласы бойынша – 26,19 %, Шымкент қаласы бойынша – 56,28 % құрады,-деді ол.
Республикадағы дауыс беру көрсеткіші 16.00 дегі соңғы мәліметтерге сәйкес, 7 млн 450 мын 195 азаматы сайлау бюллетеньдерін алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 62,34% -ын құрады.
Шетелдегі сайлау учаскелері бойынша мәлімет осындай, 16.00-де Бразилияда дауыс беру басталды. Америкада және Канадада жергілікті уақыт бойынша сайлау учаскелері өз жұмысын енді бастайды.