Дауыс беруге қатысты тағы бір жалған ақпарат тарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Telegram-арналарда бюллетеньдерді дауыс беруге арналған жәшікке салу барысы көрсетілген бейнеролик тарады

Ол бүгін, 5 маусымда Республикалық референдум барысында түсірілген деп хабарланды. Бұл өтірік.

Шын мәнінде, бұл видео 2009 жылы Қырғызстанда президенттік сайлау кезінде түсірілген. Оны Желіден тауып, көруге болады. Қолданушылардың жазуынша, бұзушылық Бақай ата ауданындағы № 6071 учаскеде орын алған.

Бүгін Қазақстанда өтіп жатқан референдумға оның ешқандай қатысы жоқ.

Бұған дейін дауыс беруге қатысты тағы бір жалған ақпарат тарағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы