«Дауыс» әңгімелер антологиясы жарық көрді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы «Алтын Қыран» компаниялар тобының бас директоры және «Altyn Kyran» халықаралық қайырымдылық қорының Президенті Исламбек Салжанов  айтты.

Сүйінші, достар! Өздеріңіз білетіндей, «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының елге қызметінің бір бағыты – қазақ руханияты мен әдебиетін дамытуға ықпал ету, талантты авторларға қолдау көрсету. Бүгінге дейін Қордың демеушілігімен 100-ден аса тарихи, әдеби, ғылыми-зерттеу кітаптар жарыққа шықты. Міне, бүгін ғана жас қаламгерлердің «Дауыс» әңгімелер антологиясы баспадан шығып, қолымызға тиді. Бұл – Бақытбек Қадыр, Досхан Жылқыбай, Есбол Нұрахмет секілді жас прозаиктердің өз бастамасымен құрастырылған жинақ, - деді ол Facebook-тегі парақшасында.

Жинаққа алғысөз жазған атақты жазушы Мұхтар Мағауин жастарды «қаламмен ұлттық мұратқа қызмет етуге» үндеп, ақ батасын берді.

Кітаптың «Дауыс» деп аталуының мәні терең. Қазіргі авторлар – шығармашылық еркіндіктің тұсауы шешілген кең заманның қаламгерлері. Кеңес үкіметі кезінде аға буын жазушыларымыз өз туындыларын қатал цензура жағдайында жазса, қазір шығармашылыққа шектеу жоқ. Жас қаламгерлердің дауысы жаңа заманның шынайы әдебиетін қалыптастырады деген үмітіміз бар.Кітап AQ Кітапхана сериясымен шықты, таралымы 1000 дана. Алдағы уақытта біздің Қор тарапынан қаржыландырылған әрбір кітаптың электронды нұсқасын онлайн оқуға мүмкіндік жасаймыз. Жас прозаиктердің шығармашылығына сәттілік тілеймін! Жаңа Қазақстан әдебиетін жасаушы жастардың қаламы жүйрік болсын!, - деді Исламбек Төлеубайұлы. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы