6 Қаңтар 2019 2019, 09:14
Қызылорда облысында дауылды ескерту жарияланды
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қызылорда облысында дауылды ескерту жариялады.
"6-8 қаңтар күндері Қызылорда облысының Сырдария өзенінде мұз құбылыстарының құбылмалығына байланысты өзен арнасы ысылу себебінен су деңгейінің көтеріліп, алқапқа шығуы мүмкін", - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Сонымен қатар, 6-8 қаңтар күндері Қызылорда облысында ауа райы жылуы болжамына байланысты жазықтық жерлерінде еріген қар суы пайда болуы мүмкін.