Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 18 мамырда еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жариялады.
"18 мамырда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді", - делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтан қаласында таңертең және 18 мамырда күндіз найзағай бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Синоптиктердің мәліметінше, 18 мамырда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен cоғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.
Өскемен қаласында 18 мамырда күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін күтіледі. Ал Семейде 18 мамырда күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін күтіледі.
"18 мамыр күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 сақталады", - деп хабарлады Қазгидрометте.
18 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, солтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с күтіледі. Ал Қостанай қаласында 18 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Сондай-ақ, 18 мамырда таңертең және күндіз Түркістан облысының тауында қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Шымкентте 18 мамырда таңертең және күндіз найзағай, бұршақ, оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел күтіледі. Түркістан қаласында 18 мамырда күндіз найзағай, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын екпіні 15-20 м/с жел күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.