Дауылды ескерту. Еліміздің бірнеше облысында жол жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше облысында жол қозғалысы шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, көктайғақ пен бұрқасынға байланысты бүгін, сағат 19.30-дан бастап барлық автокөлік түрлері үшін жол қозғалысы бірқатар учаскеде жабылды:
- «Жезқазған - Петропавл» (24-252 км, Сатбаев қаласы - Қостанай облысының шекарасы);
- «Қызылорда - Павлодар» (433-750 км, Жезқазған қаласы - Атасу кенті).
- «Екатеринбор-Алматы» автожолының 917-1247 шақырым аралығы (Жақсы кенті - Нұр-Сұлтан қаласы);
- «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысы шекарасы - Сурган кенті);
- «Жезқазған Петропавл» автожолының 337-595 шақырым аралығы (Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары шекарасы);
- «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 0-65 шақырым аралығы (Жақсы-Есіл).
Сонымен қатар, 20.00-де Қарағанды облысында ауа-райының бұзылуына байланысты «Қызылорда-Павлодар» автомобиль жолының 216-424 шақырымында, 12-216 шақырымында, атап айтқанда, Қызылорда облысының шекарасы мен Жезқазған қаласының аралығындағы, Қызылорда қаласы мен Қарағанды облысының шекарасы аралығындағы учаскеде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
20.30-да Қостанай облысында Қарағанды облысындағы ауа-райының бұзылуына байланысты «Жезқазған-Петропавл» автомобиль жолының 252-377 шақырымында, атап айтқанда, Қарағанды мен Ақмола облыстарының шекаралары аралығындағы учаскеде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.