Дауылды ескерту: Елімізде бұршақ жауып, аяз болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады деп болжайды.
11 мамырда Қарағанды облысының кей жерінде найзағай ойнайды. 11-12 мамырда тұман болып, солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.
Маңғыстау облысының кей жерінде найзағай, солтүстік-батыстан және солтүстік-шығысқа соққан жел 15-20 м/с болады.Ақмола облысында кей жерде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады.
Батыс Қазақстан облысында найзағай, дауыл, бұршақ болады.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с.
Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Кей жерде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с.
Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының кей жерінде тұман. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде 1 градус үсік күтіледі.