16 Ақпан 2019 2019, 14:40

Бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Астана қаласы мен үш облыста дауылды ескерту жариялады.

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Астана қаласы мен үш облыста дауылды ескерту жариялады.

17-18 ақпанда Жамбыл облысының кей жерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, 17 ақпанда күндіз, 18 ақпанда түнде екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан аса күтіледі. Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Тараз қаласында 17 ақпанда күндіз, 18 ақпанда түнде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с дейін жетеді. Кейде тұман түседі.

17 ақпанда күндіз Түркістан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, күндіз қатты жауын-шашын болады. Түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерде екпіні 23-28 м/с, тау асуларында 30 м/с аса күтіледі.

17 ақпанда Ақмола облысының кей жерінде жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) жауады, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерде 15-20 м/с болады.

Астана қаласында 17 ақпанда жауын-шашын (көбінесе қар түрінде), тұман, көктайғақ күтіледі.