16 Қаңтар 2024 2024, 19:14 Фото: Vesti.kz

Дәурен Елеусіновтің келесі жекпе-жегі белгіленді

Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусіновтің (11-3-1, 10 КО) кәсіпқойдағы келесі жекпе-жегі белгіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусіновтің (11-3-1, 10 КО) кәсіпқойдағы келесі жекпе-жегі белгіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz сілтеме жасап.

BoxRec.com мәліметінше, Елеусінов 15 наурыз Нью-Йорктегі Madison Square Garden Theater аренасының кіші залындағы бокс кешінде жұдырықтасады.

Қазақстандықтың қарсыласы ирландиялық жеңіліп көрмеген боксшы, "Патша" лақап атты Каллум Уолш (9-0, 7 КО) болады, ал кездесу жеңімпазы бірінші орта салмақта WBC Silver титулын иеленеді.

Елеусінов кейінгі рет 2023 жылы қазанда жұдырықтасып, танзаниялық Пиус Мпендеге (9-2, 4 КО) төрешілердің бөлек шешімімен есе жіберді.