Дәурен Абаев: ҰҚШҰ сарбаздары соғыс қимылдарына қатыспайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Хабар 24 арнасындағы эфир кезінде мәлімдеді.
ҰҚШҰ-ға қатысты сұрақ көп. Мынаны атап өткім келеді: ҰҚШҰ елдердің бітімгершілік контингенті енгізілді. Миссия бітімгершілік болып есептеледі. ОДКБ сарбаздары ұрыс қимылдарына қатыспайды, содырларды жоюмен айналыспайды.Бітімгершілік миссиясын жедел әрекет етудің ұжымдық күштерін орналастырумен шатастырмау керек, - деп түсіндірді Абаев.
6 қаңтарда қаланы тазарту операциясының жауынгерлік бөлігін «Арыстан», «Арлан», «Бүркіт» бөлімшелері мен Қорғаныс министрлігінің жасақтары жүргізді.
Сонымен қатар ҰҚШҰ қорғау функцияларын орындайды. Операция нәтижесінде қаланың барлық әкімшілік ғимараты террористерден тазартылды. Көптеген содыр жойылып, ұсталды. Олардың жеке бастары анықталып, экстремистік ұйымға қатыстылығы нақтыланып жатыр, - деді Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев.