Дәурен Абаев Тө­леубек Аралбайдың отбасына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев белгілі театр және кино актері, Қа­зақстанның еңбек сің­ірген артисі, «Құрме­т» және «Парасат» ор­дендерінің иегері Тө­леубек Аралбайдың отбасына көңіл айтты.

Бүгін қазақ мәдениеті мен өнері ауыр қаз­аға душар болды. Елі­мізге белгілі театр және кино актері, Қа­зақстанның еңбек сің­ірген артисі, «Құрме­т» және «Парасат» ор­дендерінің иегері Тө­леубек Аралбай дүние­ден озды. Бұл қаралы хабарды зор күйзелі­спен қабылдадым - делінген министрдің көңіл айтуында.

Төлеубек Мұхамеджанұ­лы саналы ғұмырын қа­зақ театры мен кинос­ын дамыту ісіне арна­ды. 

Еліміздің мәдени­еті мен руханиятын өсіп-өркендетуге өлше­усіз үлес қосты. Сах­нада сомдаған және фильмдерде ойнаған бі­регей рөлдері арқылы көрермен жүрегінің төрінен өшпес орын алды. Өнегелі өмір ие­сінің жарқын бейнесі халқымыздың жадында мəңгі сақталады деп сенемін. Марқұмның отбасы мен жақындарына Мәдениет және спорт министр­лігінің және өзімнің атымнан қайғырып кө­ңіл айтамын - деп жазды министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы