Дәурен Абаев тегін үйірмелерді қаржыландырудағы былықтарды атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев хабарлады. 

Artsport бағдарламасына түзетулер енгізу қажет. Бәрінен бұрын оны мемлекеттік деректер базасымен біріктіру керек. Жүйенің жұмысында орын алған проблемалар өмірде жоқ адамдарды қаржыландыруға, келушілер санын көбейтуге, жеткізушілер мен қаржыландыруды көшіруге, жеткізушілердің секция мен үйірмелерге балаларды өз қолымен қабылдауына жол береді. Бір бапкер әр түрлі жеткізушінің өтінімдерінде қатар жүрген жайттар да аз емес. Ал кей нысандар шығармашылық та, спорттық та тапсырыс бойынша өткізілген, - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол тағы бір өзекті мәселеге тоқталды.

Спорт мектептерінде оқитын балаларды тіркеу деректері анықталды. Жұмыста мұндай олқылықтарға жол беру алаяқтық схема мен қызметті шектен тыс пайдалануға алып келеді. Соның салдарынан адал жеткізушілер мен қызметтің ең басты тұтынушылары – балалар зардап шегеді. Тағы бір маңызды мәселе – жергілікті бюджеттің жалпы спортқа жұмсалатын шығынының жыл сайынғы лимитін орнату. Оның кем дегенде 10%-ы жан басына қаржыландыруға бағытталуын ұсынамыз, - деп атап өтті министр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы