Дәурен Абаев халықаралық жарыстардан жүлдемен оралған спортшыларды атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әдеттегідей, халықаралық жарыстарда жүлделі болған спортшыларымыздың жетістіктерін сіздермен бөлісіп отырамыз, деп жазды Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев өзінің facebook-тегі парақшасында. 

Өткен аптада да еліміздің атын әлемге танытып, жанкүйерлерін қуантқан жеңімпаздарымыз аз болған жоқ. Ұлан-Батырда күрес түрлерінен Азия Чемпионаты аяқталды. Еркін күрестен құрама сапында өнер көрсеткен Азамат Дәулетбеков (алтын), Әлішер Ерғали, Рахат Қалжан, Нұрқожа Қайпанов (күміс), Мамед Ибрагимов, Әділет Даулынбаев, Талғат Сырбаз, Акбар Құрбанов (қола) жоғары нәтиже көрсетті. Әйелдер арасында Жұлдыз Ешімова қола медальға қол жеткізді, - деді ол.

Министр атағандай,  Бельгияда өткен велотректен Belgian Open Track meeting халықаралық турнирі. Отандасымыз Андрей Чугай қола медальға ие болды.

Польшада өткен дзюдодан Европа жастар кубогы. Мерей Марханбетов алтын, Нұрқанат Серікбаев, Нұрсұлтан Зайзағалиев, Жұрқамырза Шүкірбеков күміс, Нұрсұлтан Жұбатқан қола медаль иеленді.Өзбекстанда өтіп жатқан ат спортынан әлем кубогы. Ержан Мағжаев «Камелот» атты тұлпарымен алтын алса, Шыңғыс Маликаждар «Таймаз» атты тұлпарымен күміс жүлдегер атанды.Әзербайжандағы көркем гимнастикадан әлем кубогының кезеңі. Доп және таспамен топтық жарыста Қазақстан құрамасы қола жүлдеге ие болды.Түркиядағы пара дзюдодан халықаралық турнир. Жанбота Аманжол – алтын, Ғалымжан Смағұлұлы – күміс, Азамат Нокушев пен Дулат Бүгебаев қоламен қуантты, - деді Абаев. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы