Дәурен Абаев: Былтыр 162 мыңнан астам бала спорт секцияларына тегін қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері бойынша кеңейтілген алқа отырысында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты.
Құрметті әріптестер! Өздеріңіз білетіндей, жетекшілік ететін салаларымыз бойынша алқа мәжілісін биыл жеке-жеке өткізіп жатырмыз. Бұл мәселелерді жан-жақты талқылауға және шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді деп санаймыз, – деді Абаев.
Министр ведомстваның 2021 жылғы ең негізгі жұмысына қысқаша тоқталды.
Былтыр спорт секцилары жан басына шаққанда қаржыландыру институты енгізілді. Мұндай мемлекеттік іс-шара елімізде алғашқы рет қабылданды. Соның арқасында өткен жылы 162 мыңнан астам бала мен жасөспірімдер спорт секцияларына тегін қатысты. Республика бойынша спорт секциаларына бөлінген қаржы 6 млрд теңгеден асты. Сонымен бірге мемлекеттік білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне сабақтан тыс спорттық дәрістер жүргізген үшін базалық лауазымдық жалақыдан 100 пайыз мөлшерінде қосымша ақы төлеу жүйесі енгізілді. Дене-шынықтыру және спорт саласындағы мамандандырылған мектеп пен колледж қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға өсті, - деді Мәдениет және спорт министрі.