Дәулеткерей Кәпұлы: Тәуелсіздік - әр қазақтың жүрегіндегі мақтаныш сезімі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Сүйем жерге сүйегін беріп, қарыс жерге қанын төккен ата-бабаларымыздың аңсаған азаттығы мәңгілік болғай. Сол көк байрақтың астында, қара жердің үстінде әнұранымызды бүкіл әлемге тыңдатып біздің ұрпақтарымыз, біздің келешегіміз тек осы азаттықтың рухымен әлемді шарласын. Азаттықтың рухымен өссін! Жалпы, Тәуелсіздік - әр қазақтың жүрегіндегі мақтаныш сезімі. Сол мақтаныш сезіміміз мәңгілік болсын. Ел аман, жұрт тыныш болсын. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын, - деп құттықтады ақын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бекшин бастаған ғалымдар шұғыл тестілердің тиімділігін зерттеді
Өзгелердің жаңалығы