Дәулет Шабанбай ел чемпионатының финалына шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі жалғасуда. Бүгін еркін күрестен соңғы төрт салмақ бойынша финалға шыққан балуандар анықталды деп жазады Olympic.kz.
74 келіде әлем чемпионатының жүлдегері Нұрғожа Қайпанов пен Қанат Мұсабеков (Қызылорда облысы) алтынды сарапқа салады.
79 келіге дейінгі салмақта Қызылорда облысының өкілі Ғалымжан Өсербаев пен Алматы облысының намысын қорғайтын Рүстем Мырзағалиев белдеседі.
92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде маңғыстаулық Эльхан Асадов пен елордалық Ералы Әбдірашев кім мықтыны анықтайды.
Ал 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тәжірибелі балуан, Олимпиада ойындарының қатысушысы Дәулет Шабанбай мен ШҚО өкілі Олег Болтин кездеседі.
Финалдық белдесулер кешкі сағат 18:00-ге жоспарланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Солтүстік Қазақстанда шылым шекпек болған жігіт өртке оранды
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы