Дәулет Мұқаев «Артем» базарында ауыр жұмыс істейтіндердің жағдайын айтты
Депутат Дәулет Мұқаев Мәжілістің көшпелі отырысында елордадағы «Артем» базары маңайында ауыр жұмыс істейтін жалдамалы жұмысшылардың жағдайын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қауіпсіз еңбек дегенде біз тек зауыт, шахта, фабриканы ғана айтпай, мысалы, жалдамалы жұмысшыларды да айтуымыз керек. Олардың саны күн сайын артып келе жатыр. Алысқа бармай-ақ, мысалы, «Артемнің» (Астаналық базар – ред.) айналасында да ондай азаматтарымыз өте көп. Олар қомақты ақшаға ауыр жұмыстың бәрін істеп жүре береді, - дейді депутат.
Мұқаевтың айтуына қарағанда, жалдамалы жұмысшылардың денсаулығы, өмірі қорғалмаған.
Ол азаматтарымыздан заңды түрде «неге келісімшарт жасаспайсыздар» деп сұрасаң, көбінің шоты бұғатталған, төленбеген несие, оған қоса көп азаматта алимент мәселесі бар. Осындай мәселелерден қиналып жүрген азаматтарымыздың мәртебесі қорғалмаған. Осыны да ескеріп өтсек екен, - деп ұсынысын айтты Дәулет Мұқаев көшпелі отырыста.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбыл облысында 372 мың гектар жер қайтарылды
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы