Дәстүрлі оқыту: Мектептерге бөгде адамдар кіргізілмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмиля Бекбатырова айтты.

Білім мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - басты мәселе. Осы мақсатта облыстағы мектептер мен балабақшаларда 100% бейнебақылау камералары орнатылған, - деді ол.


Айтуынша, облыстағы 442 мектептің 47-сінде турникеттер орнатылған. Тараз қаласындағы 18 мектепте дабыл түймесі орнатылған.

Сондай-ақ 42 мектепке дабыл түймесі ғимараттың кіреберісіне жаңадан орнатылады.

Мектептерде қауіпсіздік ережелері бекітіліп, онда мектепке келушілерді тіркеу, қабылдау, шығарып салу регламенті қатаң сақталады. Тағы бір айта кететін мәселе – сабақты дәстүрлі түрде бастағаннан кейін мектепке бөгде адамдарға кіруге рұқсат етілмейді. Сондай-ақ мәдени іс-шаралар да жүргізілмейді. Бұл шаралар бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес уақытша қабылданады, - деп атап өтті Жәмиля Бекбатырова.

Оның сөзінше, баланың қауіпсіздігі үшін баласын қорғаныш құралдары – маска, антисептиктермен қамтамасыз ету әр ата-ананың міндетінде. Егер ата-анада мүмкіндік болмаса, онда балаға мектеп маска бере алады. Мұндай ұйымдастыру жұмыстарына білім ұйымдары дайын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы