Қызылордалық ХҚКО-да жаңа дәстүр пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордадағы кез келген ХҚКО бөліміне барсаңыз қызмет алып, жаңа құжатқа ие болып жатқан аналар мен зейнеткерлерге құрмет көрсетіп, сыйлықтар табыстап жатқан мамандарды кезіктіруге болады.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Мұны Халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа дәстүрі десе де болады. Осылайша, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Қызылорда облысы бойынша филиал мамандары қызмет алуға келген әрбір жанға жылулық сыйлап, көңілдерін табуға тырысуда. Себебі қазіргідей күдігі мен үміті қатар тұрған қиын кезеңде қамкөңілдерге кішкене болса да қуаныш сыйлап, күдігін сейілтуге қызмет етуде, - делінген хабарламада. 

Азаматтардың көпшілігі алғаш жеке куәлік пен төлқұжатын, жүргізуші куәлігі мен сәбилерінің алғашқы құжаттарын алған кездерін естен шығармайды. Ал олардың осындай ерекше сәттерінің куәсі – Халыққа қызмет көрсету орталықтары. Қызмет алушылардың қуанышты сәттерін бірге бөлісіп, жан жылуын сыйлайтын бұл бастама қазіргі таңда еліміздің барлық өңірінде де өткізілуде. Өміріндегі маңызды жайттармен байланысты құжаттарын рәсімдеуге келген әр тұрғын ХҚҚО бөлімінен көтеріңкі көңіл күймен шығып, сый-сияпаттарға ие болып жатыр. 


Қызмет алушының ризашылығы біз үшін қашанда қымбат. Бұл бастаманы қолдаудағы басты мақсатымыз - азаматтарға жылу сыйлау. Бір жағынан осындай көріністер мамандарымызға да қуат сыйлап, ХҚКО ішінде ерекше көңіл күй орнайды, - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Қайруллаев. 

Елімізде болған төтенше жағдайдан кейін тұрғындарымыздың көңілін көтеру мақсатында жасалып отырған бұл бастама көңіл қуантады. Бұл жерде сыйлықтың көлемі немесе бағасы маңызды емес, бастысы шын көңілден болуы. Әрдайым бір-бірімізге жылу сыйлап, қуантып жүрейік!

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы