19 Шілде 2026, 02:22
Фото: aikyn.kz
Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы ойынын өткізді
Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы бейресми ойынына қатысты.
Британдық журналист Киран Гиллдің мәліметінше, Сәтпаев үзілістен кейін алаңға шыққан. «Челсидің» голдарын Джейми Гиттенс, Лиам Делап және Эмануэль Эмега соқты. Матч көрермендер мен БАҚ өкілдеріне жабық жағдайда өткен.
17 жастағы қазақстандық шабуылшы 2026 жылдың жазында «Челсиге» қосылды. Ол бұған дейін алматылық «Қайраттың» және Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсеткен.