Дастан Сәтпаев "Челси" ойыншысы атанды
Алматылық "Қайрат" пен лондондық "Челси" 16 жастағы шабуылшының трансфері бойынша келісімге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Дастан Сәтпаев 2026 жылғы жазда кәмелетке толған соң ағылшын клубына ресми түрде қосылады. Ол сол уақытқа дейін "Қайрат" сапында өнер көрсетеді.
Дастан Алматыда дүниеге келген. Сегіз жасында "Қайрат" Академиясына түсіп, дайындықтың барлық сатысынан өткен футболшы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы метросындағы жаңа қоршаулар сынақтан өткізіліп жатыр
Өзгелердің жаңалығы