15 Тамыз 2026, 00:28 Фото: instagram.com/chelseafc

Дастан Сәтбаев «Челсиден» «Бернлиге» жалға ауысады

«Бернли» – Англия чемпионатының екінші деңгейі саналатын Чемпионшипте өнер көрсететін кәсіби клуб.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев «Челсиден» ағылшынның «Бернли» клубына жалға ауысады. Бұл туралы BBC Sport хабарлады.

Басылымның мәліметінше, 18 жастағы футболшы «Бернлидің» «Терф Мур» стадионына барып, медициналық тексеруден өтуі тиіс. Ауысу жексенбі күні «Вест Хэмге» қарсы матчқа дейін рәсімделеді деп күтілуде.

Сәтбаев сәрсенбіде 18 жасқа толды. Сол күні ол «Челсимен» тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған алты жылдық келісімшартқа қол қойды.

Енді ол ойын тәжірибесін арттыру мақсатында «Бернли» сапында өнер көрсетуі мүмкін.

«Бернли» – Англия чемпионатының екінші деңгейі саналатын Чемпионшипте өнер көрсететін кәсіби клуб.

Еске сала кетейік, алматылық «Қайраттың» түлегі «Челсиге» ауысқаны бұған дейін хабарланған болатын. 2026 жылдың жазында Сәтпаев ағылшын клубына қосылып, негізгі командамен жаттығуды бастады.

Сәтпаев – Қазақстан құрамасы тарихындағы ресми матчтарда гол соққан ең жас ойыншы. Сондай-ақ ол Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас футболшылардың қатарына кіреді.

Сондай-ақ, Дастан Сәтбаев «Челсиде» 36-нөмірмен өнер көрсететіні хабарланған