3 Қыркүйек 2026, 07:11 Фото: x.com/BurnleyOfficial

Дастан Сәтбаев Англия чемпионаты матчының үздік ойыншысы атанды

Бұл – Дастан Сәтбаевтың «Бернли» сапындағы төртінші кездесуі.

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаев Англия чемпионатының төртінші турында өткен «Бернли» – «Мидлсбро» матчында үздік ойыншы атанды. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды, деп хабарлады Sports.kz.

18 жастағы қазақстандық футболшы «Бернлидің» негізгі құрамында алаңға шығып, 80-минутта жанкүйерлердің қошеметімен алмастырылды. Матчтан кейін Сәтбаевқа кездесудің үздік ойыншысына арналған сыйлық табысталды.

Бұл – Дастан Сәтбаевтың «Бернли» сапындағы төртінші кездесуі. Оның үшеуінде футболшы негізгі құрамда ойнаған. Әзірге қазақстандық шабуылшы гол немесе нәтижелі паспен көзге түскен жоқ.

Төрт турдан кейін «Бернли» турнир кестесінде 23-орында тұр. Команда келесі кездесуін 5 қыркүйекте «Бристоль Ситиге» қарсы өткізеді.