«Дарын» жастар сыйлығына байқау жарияланды: Кімдер үміткер бола алады?
Байқауға 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады.
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы - ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұсынылады.
Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» атты 10 номинация бойынша өтеді.
Сыйлық алуға Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады.
Конкурсқа қатысуға құжаттар 2026 жылғы 17 маусымнан 17 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (қағаз нұсқа) мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимаратының 14-кіреберісінде, ал (электрондық нұсқа) daryn2026kz@gmail.com поштасы арқылы қабылданады. Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-05-25, 8 (7172) 74-18-43, (жұмыс күндері, сағ. 9:00-ден 18:30-ға дейін), - деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының қағидасымен сілтеме арқылы танысуға болады.
Еске салайық, бұған дейін Аида Балаева Дастан Сәтпаевқа "Дарын" сыйлығын табыстады.