Дарья Балабаюк Ислам ынтымақтастығы ойындарында үздік бестікке енді
Қазақстандық спортшылар Ислам ынтымақтастығы ойындарындағы ауыр атлетика сайыстарын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Алғаш болып 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 18 жастағы Дарья Балабаюк жарыс жолына шықты.
Ол 81 келіні жұлқа көтеріп, 104 келіні серпе көтеру жаттығуында нәтиже көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша спортшы екі сайыс түрінен де және жалпы есепте бесінші орынға ие болды.
Айта кетейік, 7 қараша күні Эр-Рияд қаласында VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының ашылу рәсімі өтті. Биылғы жарыста Қазақстан құрамасы сапында 100-ден астам спортшы өнер көрсетуде.
Алтыншы Ислам ынтымақтастығы ойындарын Сауд Арабиясы қабылдап отыр. Бұған дейін бұл ірі спорттық дода Меккеде (2005), Палембангте (2013), Бакуде (2017) және Коньяда (2021) өткен.
Еске салсақ, Ислам ынтымақтастығы ойындарында 200 метр брасс бойынша жүзу сайысында Айбат Мырзамұратов финалға шықты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы