Дария Қожамжарова: Партия үшін қажет дүние – әлеуметтік негіз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Nur Otan» партиясы – елдің күшін, қоғам мүшелерін мемлекеттің дамуына жұмылдырып, мемлекеттік басқару органдары мен халық арасындағы буферлік саяси күшке айналуы тиіс. Бұл туралы М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры Дария Қожамжарова айтты.
Қазіргі терең құрылымдық-функционалдық өзгерістер кезеңінде қоғамдық қатынастардың дамуын, ішкі және сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, тұрақтылықты сақтау міндеті қойылады. Қазіргі таңдағы билік алдындағы басты мақсат ел сеніміне кіру, халықтың ынтасына бөлену. Ол тек, мемлекеттік органдар халықтың мұң-мұқтажын дер кезінде танып, тиісті шаралар жүргізе білген кезде ғана жүзеге асырылады.
Ректор «Nur Otan» партиясы мемлекеттік басқару органдары мен халық арасындағы буферлік саяси күшке айналуы тиіс деген пікірде.
Партияның кезектен тыс XXI Съезінің шешімімен «Nur Otan» партиясының Төрағасы болып сайланған Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, аталмыш мәселені еліміздің болашақтағы даму жолының өзегі ретінде қойып, «Қоғамдық құндылықтар жүйесіне, саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларға түбегейлі өзгеріс енгізу қажет. Осы ретте, азаматтық қоғам институттарына зор міндет жүктеледі. Әсіресе, саяси партиялар айрықша рөл атқарады», деп атап өтті. Қазіргі кездегі жағдайда «Nur Otan» партиясы – елдің күшін, қоғам мүшелерін мемлекеттің дамуына жұмылдырып, мемлекеттік басқару органдары мен халық арасындағы буферлік саяси күшке айналуы тиіс, - деді ол.
Ректор әлемде бөлінудің жаңа сызығы білімді адамдар мен білімі жоқ адамдар арасынан өтетінін айтты.
Біз ғылыми білімге негізделген әлемнің бір бөлігі болуға тиіспіз. Индустриялық қоғам білімге негізделген қоғамға орын береді, әлемде бөлінудің жаңа сызығы білімді адамдар мен білімі жоқ адамдар арасынан өтеді. Елдің жасампаз күшін тек қана идеологиялық тұрғыдан ғана емес, мемлекетіміздің технологиялық даму платформасында да ұштастыру аса маңызды дүние. Инновациялық әдістер мен идеологиялық және саяси ұйымдастырушылық жұмыстардың үздіксіз буынына айналу Қазақстандық партия жүйесіндегі «Нұр Отан» партиясының артықшылықтарына айналуы шарт.
Сондай-ақ ол қазіргі кездегі партия үшін қажет дүние – әлеуметтік негіз екенін тілге тиек етті.
Қазіргі кездегі партия үшін қажет дүние – әлеуметтік негіз. Жаңа әлемдік тәртіп жағдайында, әлемдік саясаттың тектоникалық өзгерісі барысында елдігімізді, тәуелсіздігімізді сақтау халық, саяси билік органдары мен көшбасшы партияның қолында. Түбегейлі өзгерісті үш күшке тәртіп, әділдік, жаңа технологиялар негізгі осы үш темірқазыққа сүйене отырып жүргізсек, болашағымызды құра алғанымыз, - деп қорытындылады сөзін ол.