Дәрілік заттарды заңсыз қолданған дәрігерлер жауапкершілікке тартылды

Ел аумағында ішкі істер органдары кең ауқымды «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі. 

Оның мақсаты - контрабандалық жолмен әкелу мен әкетуді, бақылаудағы заттардың заңсыз айналымға түсуін анықтау және жолын кесу.5 күн ішінде полиция аталған салада 17 қылмыс пен 228 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Әкімшілік жауапкершілікке 228 адам тартылды, оның ішінде 47-сі медицина қызметкері, - деді ІІМ қызметкері Шұғыла Тұрлыбек.

Оның айтуынша, 45 мыңға жуық таблетка мен ампула, құрамында есірткі және психотроптық заттар бар медициналық препараттар тәркіленді. 

Олар дұрыс сақталмаған.Лицензиялау нормаларының және оларды сақтау объектілеріне қойылатын техникалық нығайту талаптарының бұзылуына байланысты шамамен 3 мың (2885) тонна прекурсорлар айналымнан алынды. Ақтау қаласында 80 тонна күкірт қышқылы, 256 келі тұз қышқылы және 23 келі толуол айналымнан алынды. Олардың сақталу талаптары бұзылған. Ал Батыс Қазақстан облысында лицензиялау нормаларын бұзғаны үшін екі ЖШС-де сақталатын 406,5 тонна күкірт қышқылының айналымы шектелді.Жамбыл облысының көпсалалы ауруханасында медициналық препараттар сақталатын қойманың да талаптарға сай келмейтіндігі анықталды, - деді Тұрлыбек.  

Ол атағандай, есірткі және психотроптық препараттардың 1280 ампуласы жауапты сақтауға алынды.

Мұндай заттарды есепке алуға және сақтауға жауапты медицина қызметкерлеріне қатысты 8 әкімшілік хаттама толтырылды.Арнайы шара барысында құрамында есірткі заттары бар күшті заттарды заңсыз сату фактілерін анықтауға назар аударылды.Оралда полицейлер пәтерден трамадолдың 27 мың таблеткасын тәркіледі. Пәтер иесі оларды есірткі тұтынушыларға сатқан, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы