Дәріханаларда дәрілік заттардың жеткілікті қоры бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков айтты.

Мемлекет басшысы мен Үкімет бақылауындағы тапсырмаларды орындай отырып, Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті коронавирустық инфекциямен күрес шеңберінде елде дәрілік заттардың сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар шара қабылдады. Еліміздің медициналық ұйымдарын дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі Үкіметтің ерекше бақылауында. Өздеріңіз білетіндей, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны өсуіне байланысты маусым айының соңында еліміздің ауруханалары мен провизорлық орталықтарында дәрі-дәрмек тапшылығы болды. Бұл тапшылық бөлшек сауда желісінен көрініс тапты. Осы мақсатта нарықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін ҚР Үкіметі басқа елдерден 10 млн-нан астам қаптама көлемінде ұшақ борттарымен дәрілік заттардың 50 астам түрін жеткізіп берді. Бұл дәрі-дәрмектер аймақтар арасында біркелкі бөлінді. Нарыққа әкелуді және қолжетімділікті оңайлату үшін министрлік рұқсат беру құжаттарын бір тәулік ішінде беру беру рәсімдерін жеңілдетті. Сондай-ақ, өтінімді қабылдаған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жеделдетілген рәсім бойынша декларациялау жолымен ғана өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына бағалау, сертификаттау жүргізу мерзімін және құжаттар тізбесін қысқартты, - деді ол.
 

Нұрлыбек Асылбеков КВИ екінші толқыны жағдайында өңірлерде сұранысқа ие дәрілік препараттарды сатып алу үшін көтерме дистрибьюторларға қайтарымды негізде қаражат бөлу үшін тұрақтандыру қорлары ұйымдастырылғанын жеткізді. Оның айтуынша, бүгінде өңірлерге 17,9 млрд теңге бөлінген.
 

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті өңірлердегі көтерме дистрибьюторларды бөлшек саудада неғұрлым сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің, медициналық бұйымдардың болуына мониторинг жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіп келеміз. Мониторинг нәтижелерін талдау 2020 жылдың 15 шілдесінен 9 қарашасына дейін көтерме сауда қоймалары мен дәріханаларда антибиотиктер 3,9 есе, вирусқа қарсы препараттар 3,2 есе, антикоагулянттар 32 еседен астам, маскалар 2,3 есе және т.б. дәрілік заттар қорының өсуін көрсетеді. Бүгінде дәріханаларда халықтың дәрілік заттарға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті қор бар, - деді Асылбеков.
 


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы